04.02.2015, 22:08 3511

Вице-премьер Б.Сапарбаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өнеркәсіп мекемелерініӊ жұмысымен танысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Вице-премьер өнеркәсіп мекемелерініӊ жұмысымен танысып, еӊбек ұжымдарымен кездесті, жергілікті қамтуды дамыту және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеӊес өткізді, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша республикада өндіріс үдерістерін тұрақтандыру және жұмыскерлердіӊ еӊбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде облыс әкімдіктері мен ірі кәсіпорындар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу бойынша кеӊ ауқымды жұмыс басталғаны белгілі.

Көкшетауда өткен кеӊес қорытындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Қазақстан Темір Жолы" АҚ, "Қазатомпром" ҰАК" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Қазақалтын" Тау-кен металлургиялық концерні" АҚ, "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, "Көкшетау минералды сулары" АҚ және басқа да ұлттық компаниялар және кәсіпорындар арасында жұмыс орындарын сақтау, өндіріс үдерістерін тұрақтандыру және жергілікті қамтуды дамыту жөнінде меморандумдарға қол қойылды. Жалпы 22 млрд теӊгеден астам сомаға 14 меморандум жасалды.

Б.Сапарбаев "қол қойылған құжатардыӊ басты қорытындысы қазақстандық компаниялар арасындағы іскерлік байланысты нығайту болып табылады, нәтижесінде барлық тараптар жеӊеді" деп атап өтті. "Бірінші кезекте, бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді, екіншіден, импорттық өнімге тәуелділікті төмендетеді және жаӊа жұмыс орындарын құруға қосымша ынталандыру болмақ. Бұл жаһандық экономикадағы жағдайды ескерсек, аса өзекті", - деді вице-премьер.

Б.Сапарбаев сондай-ақ АӨК дамыту тақырыбын қозғады. Ол мемлекеттіӊ ауыл шаруашылығын одан әрі әртараптандыру, олардыӊ салаларын субсидиялау бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын баса айтты. "Аталған жүйелік шаралардыӊ қорытындысы бәсекеге қабілетті өнім, оныӊ ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өӊдеу және оныӊ өзіндік құнын төмендету болмақ, бұл ақырында халықтыӊ сатып алу қабілетініӊ өсуіне әсер етуі тиіс", - деп толықтырды Б.Сапарбаев.

Петропавлда сәйкес меморандумдарға "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Қазақстан Темір Жолы" АҚ, "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ, "ПЗТМ" АҚ, "Холдинг ҚазЭкспортАстық" АҚ, "Севказэнерго" АҚ және басқалары қол қойды. Қол қойылған құжаттар саны - 13, ал жалпы сомасы 14 млрд теӊгеден асады.

"Жасалған меморандумдардыӊ мақсаты өнеркәсіптік-еӊбек қатынастарыныӊ тиімді үлгісін құру болып табылады, соныӊ негізінде мемлекет, жұмыс берушілер және кәсіби одақтар серіктестігініӊ тетіктері болмақ", - деп атап өтті вице-премьер."Еӊ бастысы барлық тараптар еӊбек өнімділігін арттыру кезінде тоқтаусыз өндіріс үдерісіне бірдей қызығушылық танытулары тиіс, бұл мемлекетке де өзара пайда әкеледі", - деп баса айтты Б.Сапарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны