30.03.2012, 14:27 3919

Вице-премьер Қостанай қаласының Жұмыспен қамту орталығында болды

Вице-премьер Ербол Орынбаев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова сондай-ақ Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа тұрғызуда қолдау көрсетіп отырған қалалық Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты.

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - Вице-премьер Қостанай қаласының Жұмыспен қамту орталығында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкіметтік топ бірінші аялдаманы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының аясында жаңа жұмыс орындарын ұсынып отырған "Солнечный" сауда орталығына жасады.

Вице-премьер Ербол Орынбаев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова сондай-ақ Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа тұрғызуда қолдау көрсетіп отырған қалалық Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты.

"Сұраныс көп мамандықтардың 2012 жылға тізбесі бекітілді. 52 кәсіпорынмен 427 жұмыс орнына келісімшарт жасалды, жастар тәжірибеден өтетін 25 кәсіпорын анықталды", - деп хабарлады Қостанай қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Тлеоф.

Ербол Орынбаев бүгін сондай-ақ "БК - Стройпром" ЖШС-нің ламинекст жасайтын цехында болды. Бұл кәсіпорын Қостанай облысында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының бірінші қатысушысы атанған болатын. 2010 жылы "БК - Стройпром" ЖШС-нің 59,9 млн. теңге сома несиесі бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланды, несие бойынша субсидия сомасы 9 772 405 теңгені құрады.

Үкіметтік жұмыс тобы Қостанайда сондай-ақ І.Омаров атындағы жаңа Қазақ драмалық театрында болды. Театрдың 4 қабатты ғимаратының құрылысы 2010 жылдың қыркүйек айында басталған болатын.

Ал Қостанай автомобиль көлігі колледжінде Е.Орынбаев колледждің оқу-материалдық базасымен танысты және "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысушылармен кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны