05.08.2008, 17:16 2789

ВИЧ індетімен күрестегі табыстар әлемнің көптеген елдерін сырт айналып өтті, олардың қатарында Ресей мен Украина да бар - БҰҰ

ВИЧ індетімен күрестегі табыстар әлемнің көптеген елдерін сырт айналып өтті, олардың қатарында Ресей мен Украина да бар - БҰҰ

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ВИЧ індетімен күрестегі табыстар әлемнің көптеген елдерін сырт айналып өтті, олардың қатарында Ресей мен Украина да бар. Бұл туралы 3 тамыз күні Мехикода ашылған СПИД жөніндегі XVII халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Пан Ги Мун халықаралық қоғамдастықты пандемияның таралуын тоқтату бойынша жалпыға бірдей күш-жігерді нығайтуға шақырды. "Илемнің көптеген елдері үшін осыдан екі жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясында анықталған мақсатқа жетудің ауылы алыс қалпында қалып отыр. Ол мақсат бойынша 2010 жылға қарай ВИЧ індетінің таралуын тоқтату, емдеу, күту және қолдау қызметтерін әркімнің пайдалана алуына қол жеткізу керек болатын", - деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы.

Жақында БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД жөніндегі бірлескен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) СПИД жаһандық індетінің биылғы баяндамасын жариялаған болатын. Онда соңғы жылдары ВИЧ індетіне байланысты өлім деңгейі азайып келе жатқаны сөз етілген. ВИЧ індетін жаңадан жұқтырғандар саны 2001 жылғы 3 миллионнан 2007 жылғы 2,7 миллионға дейін азайған. Былтыр антиретровирустық дәрілер қабылдайтын ВИЧ індетімен ауыратын екіқабат әйелдердің саны 14 пайыздан 33 пайызға көтерілген. Сол уақыт ішінде балалар арасындағы ВИЧ індетін жаңадан жұқтырғандар саны 410 мыңнан 370 мыңға төмендеген.

Алайда, соған қарамастан, Вьетнам, Индонезия, Кения, Қытай, Мозамбик, Папуа-Жаңа Гвинея, Ресей Федерациясы мен Украина секілді елдерде жаңадан ВИЧ індетін жұқтырғандар саны күн санап артып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны