21.03.2007, 13:08 3182

ВИЧ індетін жұқтырған балалар Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ және Түлкібас аудандарынан басқа барлық аудандарда тіркелді

ШЫМКЕНТ. 21-наурыз. Kazakhstan Today. ВИЧ індетін жұқтырған балалар Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ және Түлкібас аудандарынан басқа барлық аудандарда тіркелді. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Н.Бабинаның айтуынша, Созақ және Түлкібас аудандарында ғана індет жұқтырған балалар табылған жоқ. Шымкенте ВИЧ індетін жұқтырған 30 бала тіркелсе, Сайрам ауданында - 23, Қазығұрт ауданында - 13, Төле би ауданында - 11, Ордабасы ауданында - 8, Мақтаарал ауданында - 6, Түркістанда - 3, Арыс және Бәйдібек аудандарында - екі баладан, Кентау, Отырар, Шардара және Сарыағаш аудандарында - бір-бір баладан тіркеліп отыр.

"Бұл балалар тек осы аудандарда ғана індет жұқтырды дегенді білдірмейді, жай ауырған балалардың тұрып жатқан жерлері осы",- деді Н.Бабина.

СПИД орталығының мәліметіне сәйкес, екі жасқа дейінгі ВИЧ індетін жұқтырған 76 бала, 2-5 жас аралығындағы 23, 6-10 жас аралығындағы бір, 11-14 жас аралығындағы екі бала тіркелген. Індет жұқтырғандардың 68-і - ұл, 34-і қыз балалар.

Қазіргі жағдаймен 93 баладан (102 бала ВИЧ індетін жұқтырған, сегізі қайтыс болған, бір баланы асырп алып шетелге алып кеткен) 30 бала емделуде, соның ішінде 28 балаға антиретровирустық емдеу жүргізілуде. Соның ішінде екі бала ғана ауруханада, қалғандары емді өз үйлерінде қабылдауда.

Н.Бабинаның айтуынша, ВИЧ індетін жұқтырғандардың арасында өлім оқиғасы тіркелмегелі біраз уақыт өтті. "Бұл кездейсоқтық емес, балардлың бәрінің де жағдайы жақсара түсті",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны