18.09.2006, 15:46 2929

ВИЧ індетін жұқтырған балалармен байланыста болған балаларды тексеру он күннің ішінде аяқталады деп жоспарлануда

ШЫМКЕНТ. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалармен байланыста болған балаларды тексеру он күннің ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Өткен аптаның аяғында елімізің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоногтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдеу-профилактикалық мекемелерінің жетекшілерімен болған кездесуінде осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Осы аптада тағы да 10 лаборант қосымша көмекке келмекші. Барлық топтар демалыссыз жұмыс істейтін болады. Жұмыстарды Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің зооноздық және карантиндік жұқпалы аурулар бөлімінің бастығы Айтмағамбет Жолшориновтың басқаруымен жаңадан құрылған штаб үйлестіретін болады.

Қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалармен байланыста болған 12 мыңнан астам баланың 5 мыңнан астамы ғана тексерілді. Бұл дерек еліміздің бас сарнитарлық дәрігері тарапынан облыстық денсаулық сақтау департаментінің атына сын айтуға себеп болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны