19.12.2012, 09:50 2568

Википедияда қазақ тілінің рейтингі 127-ші орыннан 25-ші орынға көтерілді

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Википедияның тілдер рейтингінде қазақ тілі 127-ші орыннан 25-ші орынға көтерілді, қазақша онлайн-энциклопедия беттерінің ай сайын қаралу көрсеткіші 8 млн. жетті, жоба мақалаларының саны 20 есеге өсіп, жалпы саны 200 мың мақаладан асты, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Википедияда қазақ тілінің рейтингі 127-ші орыннан 25-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Википедияның тілдер рейтингінде қазақ тілі 127-ші орыннан 25-ші орынға көтерілді, қазақша онлайн-энциклопедия беттерінің ай сайын қаралу көрсеткіші 8 млн. жетті, жоба мақалаларының саны 20 есеге өсіп, жалпы саны 200 мың мақаладан асты, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.

Қызметтің ақпараты бойынша, мақалалар жазуға және редакциялауға атсалысушы белсенді авторлардың саны 230 адамға жетті. Хабарламада атап көрсетілгендей, онлайн-энциклопедияны қараушы аудиторияның да едәуір өскені айтылып отыр. Егер жоба басталған кезде, Википедияның ай сайын қаралу көрсеткіші 500 мыңнан аспаса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 8 млн. асады. "Қазақша Википедияны" қараушылар 2012 жылдың қыркүйек айында рекорд орнатты, көрсеткіш 10 млн. асты.

Қазақша Википедияны дамытуға "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясының редакциясы қомақты үлес қосты, олар электрондық кітапхананың қазақша бетіне орналастыруға 50 мың мақала ұсынды. Жобаны іске асыруға еліміздің жетекші оқу орындарының студенттері де үлес қосып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақша Википедия" жобасы 2011 жылдың маусым айында іске қосылған. Халықаралық "Викимания" (Wikimania-2011) конференциясы қорытындысы бойынша "Қазақша Википедия" Жыл Википедиясы (Global Wikipedian - 2011) деп аталған.

Жобаның негізгі мақсаты Википедия жаһандық энциклопедиясының қазақ тіліндегі бөлімін дамыту болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны