03.07.2008, 09:58 1379

Вьетнам 1 шілде күні өзінің Қазақстандағы елшілігін ресми түрде ашты

Вьетнам 1 шілде күні өзінің Қазақстандағы елшілігін ресми түрде ашты

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Вьетнам Социалистік Республикасы 1 шілде күні өзінің Қазақстанның бас қаласы Астанадағы елшілігін ресми түрде ашты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі VietNamNet Bridge ақпараттық ресурсына сілтеме жасай отырып.

Хабарламада көрсетілгендей, Вьетнамның Қазақстандағы елшілігін ашуы екі мемлекеттің елдер арасындағы достық қарым-қатынастар деңгейін нығайтуға және оны жоғарылатуға ұмтылып отырғандығының белгісі болып табылады. Бұл туралы елшіліктің ашылу рәсімінде Вьетнамның Қазақстандағы сенімді өкілі Ву Хиеп (Vu Hiep) мәлімдеді.

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрінің өкілі Вьетнам Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі екенін және Қазақстан Вьетнаммен жан-жақты қарым-қатынастарды қолдап, оны нығайтқысы келетінін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны