21.05.2009, 17:30 2869

Владимир Школьник "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК басқармаларының төрағасы болып тағайындалды

Владимир Школьник "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК басқармаларының төрағасы болып тағайындалды

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Владимир Школьник "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК басқармаларының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Самұрық - Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Самұрық - Қазына" қоры басқармаларының 2009 жылдың 21 мамырындағы шешімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының таныстыруы бойынша Мұхтар Жәкішев "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК басқармаларының төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "осы шешіммен Қазақстан Республиксының үкіметімен келісу арқылы "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК басқармаларының төрағасы болып бұған дейін ҚР Индустрия және сауда министрлігін басқарған Владимир Школьник тағайындалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны