30.12.2013, 16:10 3217

Волгоградтағы лаңкестіктен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

"Біз Ресейдегі дипломатиялық өкілдікке хабарластық. Алдын ала мәліметтер бойынша, Волгоград вокзалында орын алған лаңкестіктен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. Волгоград вокзалында орын алған лаңкестіктен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Біз Ресейдегі дипломатиялық өкілдікке хабарластық. Алдын ала мәліметтер бойынша, Волгоград вокзалында орын алған лаңкестіктен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Волгоградта Мәскеу уақытымен 12.45-те (Астана уақытымен 14.45-те) теміржол вокзалында жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 18 адам көз жұмды, ондаған адам зардап шекті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны