05.06.2008, 19:33 6701

Wall Street Journal өз үйі жоқ 46 жастағы миллиардер туралы жазды

Wall Street Journal өз үйі жоқ 46 жастағы миллиардер туралы жазды

Алматы. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 46 жастағы миллиардердің өз үйі жоқ. Миллиардер Николас Берггруеннің қоғам үшін тосын өмір сүріп жатқаны жайында Wall Street Journal беттерінде жазылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен қонақ үйде тұрамын", - деп жауап берген Н. Берггруен Wall Street Journal-дың тілшісіне.

Миллиардер болған Н. Берггруен материалдық құндылықтарға қызығушылығын жоғалтқан. Олар оны қызықтыруды қойып, қайта бас ауруына айналған. Сол себепті ол өзінің Нью-Йорктегі апартаментін, Флоридадағы сарайын және жалғыз автокөлігін сатып жіберген. Ол қайырымдылықпен айналысуға шешім қабылдап, өзінің арт-коллекциясын Берлиндегі жаңа мұражайға сыйға тартқан.

"Қалай болған күнде де, менің бар байлығым - уақытша нәрсе, себебі біз мұнда ұзақ болмаймыз. Біздің істейтініміз, құратынымыз, әрекетіміз - әрқашан өмір сүреді. Құндылық деген осы", - деді миллиардер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны