11.02.2019, 20:08 12976

Қазақстан өкілі WGS төрағасымен мемлекеттік басқарудағы инновациялар мәселесін талқылады

WGS - әлемнің 150-ден астам мемлекетінен 3 мыңнан астам адам қатысатын ірі ғаламдық тұғырнама. Онда мемлекеттік жоғары лауазым иелері, кәсіпкерлер, сарапшылар мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту бойынша тәжірибе алмасып, келешектегі үкіметтер туралы өз көзқарастарымен бөліседі.

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Дубайда жетінші Дүниежүзілік үкіметтік саммит (WGS 2019) аясында Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) министрлер кабинеті істері бойынша министр, WGS төрағасы Мухаммед Аль-Гергавимен кездесті.

Мухаммед Аль-Гергави "біздің көзқарасымыз мен мақсатымыз ортақ - адамдарды бақыттырақ ету әрі өмірлерін жеңілдету. Осы тұрғыда БАӘ үкіметі Астана хабы қатысушы-елдерімен мемлекеттік секторда инновацияларды қолдану саласындағы озық тәжірибемен бөлісуге әзір", - деп атап өтті.

Алихан Байменов өз кезегінде мемлекеттік қызметтегі инновацияларды дамытудағы әріптестіктің маңызына тоқталды. Ол Хабқа 40 мемлекет, оның ішінде жаңа технологиялар мен электронды үкімет саласындағы көшбасшылар - Эстония мен Корея қатысушы-ел екендігін жеткізді. Хаб тұғырнамасында өзара тәжірибе әрі білім алмасу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету мен электронды үкімет бойынша практиктердің екі Альянсы құрылған. Алихан Байменов БАӘ-нің мемлекеттік инновациялар бойынша мол тәжірибесі қатысушы-елдер үшін құнды болатындығын мәлімдеді.

Тараптар әрі қарайғы ынтымақтастықты, оның ішінде мемлекеттік инновациялар саласында бірлескен халықаралық іс-шаралар өткізіп, зерттеулер жасау мәселелерін талқылады. Аль-Гергави Астана хабына дүниежүзілік саммит жұмысына жыл сайын мемлекеттік қызмет бойынша параллельді сессиялар ұйымдастырушысы ретінде ат салысуға ұсыныс білдірді.

WGS - әлемнің 150-ден астам мемлекетінен 3 мыңнан астам адам қатысатын ірі ғаламдық тұғырнама. Онда мемлекеттік жоғары лауазым иелері, кәсіпкерлер, сарапшылар мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту бойынша тәжірибе алмасып, келешектегі үкіметтер туралы өз көзқарастарымен бөліседі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны