13.03.2012, 10:41 3410

Yahoo компаниясы Facebook әлеуметтік желісіне қарсы сотқа шағым түсірді

Yahoo компаниясы Facebook әлеуметтік желісі патенттерді бұзды деп айыптап, оған қарсы сотқа шағым жасады. Тиісті шағым кеше Калифорнияның аймақтың сотына түскен.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - Yahoo компаниясы Facebook әлеуметтік желісіне қарсы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Yahoo компаниясы Facebook әлеуметтік желісі патенттерді бұзды деп айыптап, оған қарсы сотқа шағым жасады. Тиісті шағым кеше Калифорнияның аймақтың сотына түскен.

Жалпы алғанда арызда интернет-жарнамасын көрсету технологиясы, мәтінді хабарлама, әлеуметтік желіде тұлғаларды тіркеуді реттеу және мәлімдемелер мен пікірлер қалдыруға қатысты он патент көрсетілген. Ал, Facebook болса Yahoo-дың патентіне қатысты тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып отыр.

Компания порталдың арадағы наразылықтарды өзара келісімге келіп шешудің орнына бірден сотқа жүгінгеніне өкінішін білдірді. Facebook-ке қарсы сот шағымы компанияның биржаға шығар алдында түсіп отыр. Акцияларын алғаш рет биржаға салу туралы өтінішті әлеуметтік желі осы жылдың ақпан айының басында берген. Бейресми мәліметтерге қарағанда, компанияның акцияларын алғаш рет биржаға шығару соы көктемге жүзеге асып, ол Facebook-ке 5 миллиард долларға дейін пайда әкелуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны