Система Orphus

Яндекс Қазақстан қаласы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау деңгейін бағалай бастады

13.04.2020, 18:15 3943

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Яндекс Қазақстан қаласы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау деңгейін бағалай бастады. Қарапайым түрде айтқанда: қаншалықты көп қазақстандық үйде отыр. Бұл үшін Яндекстің аналитиктері арнайы өзін-өзі оқшаулау индексін есептеді. Индекстің мәні жоғары болған сайын, адамдар өзін-өзі оқшаулауды соғұрлым жақсы сақтап отыр: 0-ден - "көшелерде адам өте көп" 5-ке дейін - "көшеде ешкім жоқ".

Индексті есептеу үшін Яндекс қосымшасын қолдану туралы иесіздендірілген деректер қолданылады. Барлық көрсеткіштер біртұтас шкалаға түсіріледі, онда 0 әдеттегі жұмыс күніндегі қарбалас сәттің деңгейіне сәйкес келеді, ал 5 - әдетте түнде болатын көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Жоба парақшасында қазірдің өзі Қазақстанның ірі қалалары - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Орал және басқалары туралы - сонымен қатар жақын шетелдегі бірнеше қалалар туралы мәліметтерді көруге болады. Онда қалаларды өзін-өзі оқшаулау баллы бойынша салыстыруға болады. Деректер күнделікті жаңартылады. Өзін-өзі оқшаулау деңгейінің арнайы информерін yandex.kz сайтының басты парақшасында және Яндекс.Карталарынан көруге болады.

Өзін-өзі оқшаулауды сақтау қажеттігі адамдардың жүріс-тұрысын өзгертеді. Яндекс қосымшаларын қолдану статистикасы көрсеткендей, адамдар үйде көбірек отыра бастады. Атап айтқанда, Навигаторда қозғалыс бағыты азырақ құрылуда, яғни адамдар кеңсеге және шаруалары бойынша азырақ жүре бастады. Олар Яндекс.Эфирде, Дэенде және КиноПоискта айтарлықтай көбірек уақыт отыратын болды.

Қытай, Италия және Оңтүстік Кореяның мысалдары, өзін-өзі оқшаулау коронавирустың таралуымен күресте өте нәтижелі екенін көрсетті. Біз, Яндекс командасы, барлықтарыңызды мүмкіндігінше үйде болуға және өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға шақырамыз. Үйде болып, сіз өзіңізді және айналадағыларыңызды қауіпсіздендіресіз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны