13.05.2020, 19:51 4008

Әйелдер арасындағы тіркелген есірткі қылмыстылығы жөнінде Түркістан облысы республика бойынша 13-орында

Көбінесе әйелдердің есірткі қылмысымен айналысуының басты себебі: жайсыз отбасылық жағдайы, оңай табыс көзі және есірткі тәуелділігі болып табылады.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Адамзатқа кереғар болып табылатын есірткіге қатысты қылмыстылық қоғамды ерекше алаңдататыны белгілі. Ал оларды әйел азаматтарының жасауы - тіпті ақылға сыймайтын дүние деуге болады.

Әйелдер арасындағы есірткі қылмыстылығы жүз пайыз жойылды деп толық сеніммен айта алмаймыз, алайда ол жөніндегі амал-әрекеттердің жүзеге асу мүмкіндігі бар.

Көбінесе әйелдердің есірткі қылмысымен айналысуының басты себебі: жайсыз отбасылық жағдайы, оңай табыс көзі және есірткі тәуелділігі болып табылады.

Әйелдер арасындағы тіркелген есірткі қылмыстылығы жөнінде Түркістан облысы республика бойынша 13-орында.

Осы бағыт бойынша кейінгі 3 жылдың қылмыстық жағдайын алып қарасақ, төмендеу динамикасы байқалады. Яғни, 2017 жылы - 12, 2018 жылы - 10, 2019 жылы - 4, 2020 жылдың өткен айлары бойынша - 1 дерек.

Наркодиспансер есебінде тұратын әйелдердің саны да төмендеуде, яғни 2018 - 2019 жылдары - 11 әйел тіркелген болса, 2020 жылы бірде-біреуі тіркелмеген.

Есірткі затын қабылдаудан соңғы рет 2012 жылы 1 әйел көз жұмған болатын, одан бері мұндай жайттар өңірде орын алмаған.

Ал ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ретінде 2016 жылы 1 әйел есірткі қылмысы бойынша жауапқа тартылса, одан бері мұндай дерек тіркелмеген.

Жалпы әйелдер арасында есірткі қылмысын болдырмау мақсатында қылмыстық қудалау органдары жыл сайын жоспарлар түзіп, арнайы профилактикалық іс-шаралар жұмыстарын жүргізуде. Есірткі қылмысына қарсы бағытталған құқыққорғау органдарының жұмыстарын үйлестіруді прокуратура жүзеге асырып келеді.

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны