25.04.2012, 10:20 3923

YouTube-тағы ең танымал "сотты болған қазақ" Өзбекстаннан табылды

"Сотты болған қазақ түрмеде жарқырап көрінуде" бейнематериалының авторы Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны Саламат Шаханов редакцияға хабарласқан.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - YouTube-ты дүр сілкіндірген ең танымал "сотты болған қазақ" Мұратбай Нетуллаев Өзбекстаннан табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Сотты болған қазақ түрмеде жарқырап көрінуде" бейнематериалының авторы Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны Саламат Шаханов редакцияға хабарласқан.

Оның айтуынша, М.Нетуллаев қазір өзінің отаны - Өзбек республикасының автономиясы Қарақалпақстанның Нүкіс қаласында тұрып жатқан көрінеді .

"Мен онымен хабарласып тұрамын. Мақала шыққан бойда онымен телефон арқылы байданыстым", - деді Саламат Шаханов.

Мұратбай Нетуллаев қарапайым құрылысшы. Күндіз құрылыста жұмыс істеп, кеште қолына гитарасын алып, ән салады. Мұратбай Нетуллаев қосымша еңбекақы табу ойымен Бейнеуге жұмысқа келген кезде бүкіл ауылға танымал болды. Күнде кеште Мұратбайдың жұмыс берушісі болған Саламата Шахановтың үйінде адамдар бас қосатын. Саламаттың айтуынша, Нетуллаев: қазақ, орыс, өзбек, ағылшын және қарақалпақ тілдерінде ән сала алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны