27.01.2020, 17:52 8881

Қытайда коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты Ақтау қаласының әуежайында санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді

Жеңіл ғана түшкіру жөтелуден басталып, дене қызуының көтерілуі, ауыр демалу, пневмонияға ұласатын А типті инфекция Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың соңында тіркелген.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтау әуежайында барлық жолаушылар тепловизордың көмегімен тексеріледі.

Қытайда коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты Ақтау қаласының әуежайында санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев мәлімдеді.

Алдын-алу сақтық шараларына сәйкес, Ақтау қаласының әуежайында шетелден келген барлық жолаушылар қашықтықтан дене қызуын өлшейтін жабдықтың көмегімен тексеріледі" -, дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев.

Жеңіл ғана түшкіру жөтелуден басталып, дене қызуының көтерілуі, ауыр демалу, пневмонияға ұласатын А типті инфекция Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың соңында тіркелген. Адамнан адамға жұғу қаупі бар бұл аурудың клиникалық көрінісі жалпы респираторлық синдром ауруларымен бірдей. Аталған инфекциялық ауру жануарлар арқылы немесе теңіз өнімдерінен таралды деген болжам да бар. Айта кетейік, осы уақытқа дейін коронавирустың жаңа түрінен 17 адам көз жұмды. Ал бұл дертті жұқтырғандар саны 600-ден асқан. Қазір қауіпті вирусқа байланысты Ухань қаласы жабылды.

"Бүгінгі таңда тұрғындарға адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, жануарлар мен балық еті қосылған азық-түлікті қолданбауға кеңес береміз. Сонымен қатар жедел респираторлық-вирустық инфекциялары мен тұмау белгілері пайда болған жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгінгендері абзалырақ.

"Сақтансаң сақтармын" деген мамандар гигиеналық тазалықты бірінші кезекке қоюды ескертеді. Ең қарапайым, қолды дұрыстап екі-үш қайтара жуып, тіптен адам көп шоғырланған жерлерде медициналық маскамен жүруде артық етпейді дейді олар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны