14.08.2019, 14:17 8972

"Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағын 20 азамат алады

Сөйтіп қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, қаржы, құрылыс, кәсіпкерлік және өзге де салаларда қажырлы, абыройлы еңбек еткен азаматтар тұрақты комиссияда талқыланып, қалалық мәслихаттың сессиясына ұсынылды.

Қызылорда.14 тамыз. Kazakhstan Today - Елге еңбегі сіңген 20 азамат "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағын алады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясында белгілі болды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов күн тәртібіндегі "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы" мәселесі бойынша "Марапаттау" комиссиясына түскен ұсыныстардың ішінен 20 азаматтың кандидатурасы іріктелгенін айтты.

Сөйтіп қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, қаржы, құрылыс, кәсіпкерлік және өзге де салаларда қажырлы, абыройлы еңбек еткен азаматтар тұрақты комиссияда талқыланып, қалалық мәслихаттың сессиясына ұсынылды.

Сессия қорытындысымен депуттаттар тарапынан 20 азаматқа "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы" шешім қабылданды.

Айта кетейік, бұдан өзге сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев биылғы жылдың І жартыжылдығында Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Мұнан кейін қала әкімдігінің аппарат басшысы Ғалымжан Рахметов жыл басынан бері қала әкімдігінде қызмет ауыстырған басшылық құраммен келісуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны