07.03.2019, 18:36 18239

Қызылорда облыстық прокуратурасы 2018 жылы 492 жұмысшы алдындағы 90 млн. теңге жалақы қарыздарын төлетті

Сонымен қатар, басқа үш мекеменің 241 жұмысшысына 43 млн. теңге жалақы қарыздарын өндіру үшіншаралар қабылдануда.

Қызылорда. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарының қадағалау шараларымен 2018 жылы 492 жұмысшы алдындағы 90 млн. теңге жалақы қарыздары төленді.

Ағымдағы жылы Құқық қорғау қызметтері орталығына келіп түскен шағымды қарау барысында "Қызылорда су жүйесі" МКК-мен576 жұмысшыға өткен жылдың қараша-желтоқсан айларына 82 млн. теңге жалақылары төленбегені белгілі болды.

Прокуратураның ұсынысымен берешек өндіріліп, еңбекақыны төлеу бойынша талаптарды бұзғаны үшін кәсіпорын басшысы ӘҚБтК-тің 87-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, басқа үш мекеменің 241 жұмысшысына 43 млн. теңге жалақы қарыздарын өндіру үшіншаралар қабылдануда.

Азаматтардың еңбекақыларын мерзімінде төлеу мәселесі облыстық прокуратураның тұрақты бақылауында.

Еңбек заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда азаматтар 26-20-06 сенім телефонына хабарласуларына болады, құпиялық кепілдігі бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны