Система Orphus

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов орта мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

14.08.2019, 15:24 24922

Қызылорда.14 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жосалы кентінің орталығында орналасқан №30 орта мектебі 1992 жылы пайдалануға берілген.

Білім ордасына жөндеу жұмыстары "Ауыл - ел бесігі" атты жоба аясында жүргізіліп келеді. Мектепте жылу, кәріз, су жүйелері, терезе, есік ауыстыру, электр жүйесі, ішкі қабырғалар және еден ауыстыру, сыртқы фасад жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта демонтаж, сантехника жұмыстары аяқталып, терезелері ауыстырылды. Ішкі қабырғаларын сылау және едендерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айынының соңына дейін оқу ордасының 2 блогы оқушыларды қабылдауға дайын болады деп күтілуде.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін мерзім қазан айы деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны