14.08.2019, 14:26 8063

Қызылорда облысында "Eco-Аlеm" республикалық жазғы экологиялық лагері өтуде

Айта кету керек, экологиялық лагерьге 12 мен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймақтарынан 130-дан аса бала қатысуда. Ортақ ой бөлісуге жиналған оқушылар Аралдағы экологиялық мәселелерді талқылады.

Қызылорда.14 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы білім басқармасының "Қамбаш" олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында "Eco-?lеm" республикалық жазғы экологиялық лагері өтуде.

Эколагерді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева салтанатты түрде ашып, балаларға жылы лебізін білдірді. Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мен Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов қатысып, лагерь қатысушыларына сәттілік тіледі.

Айта кету керек, экологиялық лагерьге 12 мен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймақтарынан 130-дан аса бала қатысуда. Ортақ ой бөлісуге жиналған оқушылар Аралдағы экологиялық мәселелерді талқылады.

Лагерь аясында жасұландық оқушылар Арал теңізіне, "Байқоңыр" ғарыш айлағына экскурсия жасап, плогинг, түрлі экологиялық ойындар, квесттер, лекциялар, тренингтерге қатысуға мүмкіндік алды. Ал, 5 күн бойы қатысушылар қоқысты сұрыптауға бейімделіп, өз ұсыныс-тілектерін жеткізбек.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны