09.07.2020, 14:11 5066

Қызылорда облысында электр энергиясын беру қызметіне тариф төмендетілді

Қызылорда облысында электр энергиясын беру қызметіне тариф төмендетілді

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында электр энергиясын беру қызметіне тариф төмендетілді.

"Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.

Қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегенде "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ-ның электр энергиясын беру қызметі бойынша негізсіз алынған табысының сомасы 334 483 649 теңге.

Департаментпен "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ-на 2020 жылғы 1 тамызынан бастап 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 4,501 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы 4,932 теңге тарифпен салыстырғанда 8,7 пайызға төмендетіліп бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф бекітілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны