29.07.2022, 16:09 23826

Қызылорда облысындағы бұрғылау кәсіпорнында көптеген заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде қызметкерлердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін

Қызылорда облысындағы бұрғылау кәсіпорнында көптеген заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде қызметкерлердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін
Сурет: ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
ҚЫЗЫЛОРДА. 29 ШІЛДЕ - "Joint Drilling" ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізілді. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі уран кен орындарында технологиялық ұңғымаларды бұрғылау болып табылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тексеру барысында 9 объекті (бұрғылау агрегаттары, технологиялық сорғылар және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 10 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік айыппұл салынды.
 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары: нормативтік қызмет ету мерзімі өткен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану, нормативтік қызмет ету мерзімі өткен қауіпті техникалық құрылғыларға оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың ықтимал мерзімін айқындау үшін сараптама жүргізілмегендігі болып табылады", - деп нақтылады ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

 
Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 3 бірлік қауіпті техникалық құрылғыларды (бұрғылау қондырғыларын) тоқтата тұру туралы талап арыз жіберу түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.
 

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде "Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының" талаптары түсіндірілді", - деп қосты комитетте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны