13.03.2019, 00:29 14017

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің қатарында 13 "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері қызмет етуде

Облыстағы 3603 мемлекеттік қызметшінің 1645-і әйел азаматшалар. Олардың 733-і жергілікті атқарушы органдарда, ал, 912-і орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етеді.

Қызылорда. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 45,7 пайызы нәзік жандылар.

Ал, олардың қатарында 13 "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері қызмет етуде.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимовтың "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні"қарсаңында "Батыр аналарды"мерекелік қабылдауы барысында белгілі болды.

Облыстағы 3603 мемлекеттік қызметшінің 1645-і әйел азаматшалар. Олардың 733-і жергілікті атқарушы органдарда, ал, 912-і орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етеді.

"Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметте басшы лауазымда 324 әйел жұмыс жасайды.Олардың арасында, 3 департамент басшысы, 4 басқарма басшысы, 6 ауыл әкімі бар. Басқалары түрлі деңгейдегі, яғни, қалалық, аудандық дербес басқарма және бөлім басшысы қызметін атқаруда. Бүгінгі шараға, жауапкершілігі мол мемлекеттік қызметте ер азаматтармен қатар жұмыс жасап келе жатқан "Батыр аналарды" шақырып, құрмет көрсетіп отырмыз. Мемлекеттік қызметпен бірге, ел демографиясына үлес қосып келе жатқан аналарымызға алғысымды білдіремін", - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Шара барысында Батыр аналарға құрмет көрсетіліп, балаларға сыйлықтар табысталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны