09.12.2019, 17:19 30088

Қызылорда облысындағы жол апатының дерегі бойынша тергеу амалдары жалғасуда

Қайғылы оқиға ағымдағы жылғы 3 желтоқсанда Қызылорда қаласынан 85 шақырым жерде "Қызылорда-Құмкөл"автожолында болды.Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 адам қайтыс болды.

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Еңбекминінде Қызылорда облысындағы ЖКО-ның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қызылорда облысында бірқатар жеке компаниялардың жұмысшылары қайтыс болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында ҚР Бас еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов оқиға орнында жұмыс істеуде.

Қайғылы оқиға ағымдағы жылғы 3 желтоқсанда Қызылорда қаласынан 85 шақырым жерде "Қызылорда-Құмкөл"автожолында болды. Вахталық жұмыстан Шымкент қаласына қайтып бара жатқан "Саутс-Ойл", "Ақжол Транс Сервис", "Понтос - Береке", "Милтон" Жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің жұмыскерлерін тасымалдаған "NEOPLAN" маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі ауа райының күрделі жағдайына (көктайғақ) байланысты көлік тізгініне ие бола алмай, көлік құралының аударылуына жол берген.

ЖКО болған сәтте автобуста жоғарыда аталған кәсіпорындардың 34 жұмыскері мен 2 жүргізуші болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 адам қайтыс болды. Әр түрлі дәрежедегі жарақаттар алған жұмыскерлерге медициналық көмек көрсету үшін олар Қызылорда қалалық ауруханасы мен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны