29.01.2020, 16:03 7439

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен айыпталуда

Ол жалпы қамқорлығы мен орындалған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден параны карталық шоты арқылы едәуір мөлшерде алды деген күдікке ілінді.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен айыпталуда.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен сотқа дефінгі тергеу басталды.

Ол жалпы қамқорлығы мен орындалған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден параны карталық шоты арқылы едәуір мөлшерде алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны