Система Orphus

Қызылорда облысының әкімі балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінде болды

14.08.2019, 14:22 4726

Қызылорда.14 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінде, мүгедектерге арналған оңалту орталығында және Талсуат кентіндегі №2 мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Ем алушылардың жағдайын көріп, жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.

Балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2012 жылы пайдалануға берілді. Мекемеде 219 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда 100 стационар, 50 жартылай стационар қарастырылған.

Ем алушы балалар үшін барлық жағдай жасалған. Олардың арасында республикалық өнер, спорт саласы бойынша түрлі жарыстарға қатысып, топ жарып жүрген бүлдіршіндер бар. Аймақ басшысы балақайлардың толық ем алып, сауығуы үшін мекеме қызметкерлері аянбай еңбек етуі тиіс деп тапсырды.

Ал, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығы 2012 жылы салынды, мекемеде 150 төсек-орын жартылай стационар және 171 қызметкер жұмыс істейді.

Орталықта ем алушылар ғимарат ауласында спорт алаңын салу туралы өтініштерін білдірді. Қуанышбек Досмайылұлы спорт алаңын салу үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

№2 мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2016 жылы жұмысын бастаған болатын. Мұнда 400 орынға арналған 380 стационар және 20 жартылай стационар жұмыс істеп тұр.

Аймақ басшысы нысандардың жұмысына оң бағасын берді. Алайда, ғимараттардың аулаларын көгалдандыру жұмыстарына көңілі толмайтындығын жеткізді. Уақтылы сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, ағаш отырғызып, көгалдандыру шараларын дұрыстап жүргізу қажет екенін баса айтты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны