11.02.2019, 20:23 13064

Қызылорда облысының прокуроры Байқоңыр қаласында азаматтарды жеке қабылдау жүргізді

Арызданушылармен сұхбаттасу барысында құқық бұзушылық профиликатикасы, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен Қазақстан азаматтарына қатысты алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу заңдылығы мәселелері талқыланды.

Қызылорда. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Байқоңыр қаласының тұрғындарымен көшпелі кездесу барысында Қызылорда облысының прокуроры азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.

Оған тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, елді мекен аумағын көркейту, полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері және әлеуметтік саладағы т.б. мәселелер бойынша 9 азамат жолықты.

Арызданушылармен сұхбаттасу барысында құқық бұзушылық профиликатикасы, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен Қазақстан азаматтарына қатысты алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу заңдылығы мәселелері талқыланды.

Бірқатар шағымдар заң талаптарын түсіндіру арқылы сол жерде шешімін тапты. Қосымша зерделеуді және анықтауды талап ететін өтініштер қарау үшін қабылданды және жеке бақылауға алынды.

Сондай-ақ облыс прокуроры Х.Дәуешов Байқоңыр кешеніндегі Қазақстан ІІМ өкілдігіне жолығып, Төретам және Ақай кенттеріндегі жылжымалы полиция бекеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуымен,олардың жағдайымен және Облыстық медицина орталығында біздің азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасымен танысты.

Көшпелі кездесудің нәтижесімен қала прокурорына азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды азайту, ахуалдың тұрақсыздандырылуын болдырмау жөнінде тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны