13.08.2019, 23:56 9932

Қызылордада қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерін WhatsApp арқылы жолдай алады

Қызметтік автокөліктердің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін Департамент WhatsApp мессенджерінде аккаунт (+77057872626) ашқан. Тұрғындар қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдалану деректерін видеоға немесе суретке түсіріп Департаментке жолдай алады.

Қызылорда.13 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылордада қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдалану фактілеріне куә болсаңыз WhatsApp арқылы құзырлы органға хабарлауға болады.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев брифингте мәлімдеді.

Қызметтік автокөліктердің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін Департамент WhatsApp мессенджерінде аккаунт (+77057872626) ашқан. Тұрғындар қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдалану деректерін видеоға немесе суретке түсіріп Департаментке жолдай алады.

Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевтың айтуынша"Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, оның ішінде автокөлік құралдарын ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы тиіс. Сондай-ақ, кез-келген азаматтың WhatsApp арқылы мемлекеттік ұйымдарға тиесілі автокөліктің жеке мақсатта пайдаланылғаны туралы фактілерді дәлелдерімен бірге жолдау мүмкіндігі бар".

Айта кету керек, жыл басынан бері қызметтік автокөлікті қызметтік мақсаттан тыс пайдаланған 2 мемлекеттік органның басшысына Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен тәртіптік жаза қолданылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны