13.07.2012, 10:14 2795

Зайсанда Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған жаңа алаң пайда болды

Естелік алаңының ашылу рәсімі бүгін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті, деп хабарлады облыстың ақпараттық орталығынан.

Зайсан. 13-шілде. Kazakhstan Today - Елдің шығысындағы Зайсан қаласында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған "Батырлар алаңы" атты жаңа алаң пайда болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естелік алаңының ашылу рәсімі бүгін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті, деп хабарлады облыстың ақпараттық орталығынан.

Өңір басшысы ашылу рәсімінде жастардың бізде тамаша өткен шақ, үлкен жеңістер мен тағдырлары даңқты тұлғалар да болғандығын есте сақтауы керектігін атап өтті.

"Жастар осыны есте сақтап, біліп, мақтан тұтуы тиіс. Біз бейбітшілік пен достықта өмір сүруіміз керек", - деп атап өтті ол.

Бұл нысанға аудандық бюджеттен 23 млн. астам теңге жаратылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны