19.01.2015, 10:05 4217

Заӊдылық -заӊ өкілдерінен басталады

Дәріс барысында автомектеп басшысы "Жол қозғалысы" заӊнамасыныӊ жаӊа ережелеріне тоқталып өтті. Мәселен, жаӊа заӊнама ережесіне сай бұдан былай сенім хаттыӊ орнын барлық автокөлік иелерініӊ алуына міндеттелген сақтандыру полисі ауыстырады.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жаӊа жылдан бастап еліміздіӊ бірқатар заӊнамаларыныӊ жаӊа ережелері қолданысқа енгізілгені белігі. "Заӊдылық-заӊ өкілдерінен басталады", демекші ондағы талаптардыӊ мүлтіксіз орындалуына еӊ алдымен құқық қорғау органы қызметкерлерініӊ өздері мүдделі болуы тиіс. Сондықтан да Көліктегі ішкі істер департаменті аппаратыныӊ жеке құрамына "ОТАН" автомектебініӊ директоры Василий Бездронов "Жол қозғалысыныӊ ережелерін бекіту туралы" ҚР Үкіметініӊ Қаулысын зерттеу мақсатында дәріс өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дәріс барысында автомектеп басшысы "Жол қозғалысы" заӊнамасыныӊ жаӊа ережелеріне тоқталып өтті. Мәселен, жаӊа заӊнама ережесіне сай бұдан былай сенім хаттыӊ орнын барлық автокөлік иелерініӊ алуына міндеттелген сақтандыру полисі ауыстырады. Яғни көлiк құралын сенiмхатсыз басқаратын жүргiзушiнiӊ аты-жөнi көлiктi сақтандыру полюсiнде жазылуы міндетті.

Сондай-ақ, жаӊа жылдан бастап жаӊа үлгідегі жүргізуші куәліктері беріледі. Онда заманауи көлік түрлеріне қатысты негізгі 7 санат және 6 қосымша шағын санат енгізілген. Көлік жүргізушілер куәлігініӊ бұл үлгісі БҰҰ ұйымыныӊ Ковенциясына сәйкес әзірленген.

Аталмыш құжаттыӊ жаӊа үлгісі алғаш рет жүргізуші куәлігін алатындарға беріле бастайды. Ағымдағы куәлік мерзімі аяқталғанша жарамды болып қалады.

Сонымен қатар, жиын барысында енді ғана қолданысқа енген заӊнаманыӊ басқа да ережелері талқыға түсті. Онда көлік басқарып отырып телефонмен сөйлескендер мен жолдан бұрылу және тыйым салынған жерге тоқтағандар үшін де айыппұл екі есеге көбейген.

Ал жол бойы бірін бірі басып озбақ болып жарысқа түсетіндер бұдан былай 1 жылға жүргізуші куәлігінен айрылады

Жиын соӊында "Отан" автокөлік мектебініӊ директоры Василий Бездронов көлік полицейлеріне сақтандыру полисіне өзге тұлғаныӊ есімін тіркеу тәртібі мен көлік жүргізушілерініӊ жаӊа үлгідегі куәлігіне енгізілген санаттарды түсіндіріп өтті.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны