08.05.2015, 21:23 4042

Заӊсыз ойын-сауық пен пайда табу жолыныӊ ізін кесу бойынша баспасөз хабарламасы

Қарағанды облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері Қарағанды қаласында заӊсыз жұмыс жасаған жасырын казиноны әшкереледі

Қарағанды. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері Қарағанды қаласында заӊсыз жұмыс жасаған жасырын казиноны әшкереледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлеріне қала көшелерініӊ бірінде орналасқан дәріхана ішіндегі жасырын казино туралы ақпарат келіп түседі. Жедел - тергеу іс шарасы кезінде полиция қызметкерлері казино ойнату үшін ақша алған жерінен оператор мен екі күзетшіні қолға түсірді.

Жедел-тергеу іс шарасы барысында қаражаттыӊ кіріс- шығыс есебі және электронды рулетка, 24 ойын автоматы, ойын автоматтарыныӊ кілті және 170000 теӊге мен 200 АҚШ долларын қылмыс орнында тәркіледі.

Қазіргі уақытта заӊсыз ойын-сауық бизнесін ұйымдастырушылар мен басқа да сыбайластары іздестірілуде. (жедел түсірілім бар)

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны