10.06.2015, 12:29 3735

Заӊсыз жүрген мигранттар ұсталды

Тексеру іс-шараларын жүргізген Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядыныӊ шекарашылары Жібек жолы елді-мекенініӊ аумағында заӊсыз жүрген 14 Өзбекстан азаматын ұстады

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Тексеру іс-шараларын жүргізген Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядыныӊ шекарашылары Жібек жолы елді-мекенініӊ аумағында заӊсыз жүрген 14 Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айтуларына қарағанда еӊбек десе ерінбейтін өзбек ағайындар өз елдеріне қайтып келе жатыр екен.

Тек, уақтылы қайтпай, қазақ жерінде ұзағырақ аялдап, миграциялық карточканыӊ мерзімін өткізіп алыпты.

Еліміздіӊ көші-қон заӊын бұзғандары үшін ҚР Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 517 бабыныӊ 2,4 тармақшалары бойынша өзбек азаматтары әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны