27.10.2015, 18:11 3850

Зәуреш Аманжолова "Нұр Отан" партиясы АҚФ төрағасыныӊ бірінші орынбасары болып бекітілді

Осы күні Б.Байбек "Нұр Отан" партиясы Алмалы аудандық филиалыныӊ жаӊа ғимаратыныӊ ашылуына қатысып, бастауыш партия ұйымдарыныӊ жетекшілерімен кездесу өткізді.

Астана. 27 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 27 қазанында "Нұр Отан" партиясы АҚФ төрағасы, Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбектіӊ басшылығымен өткен партия қалалық филиалы Саяси Кеӊесі Бюросыныӊ кеӊейтілген отырысында филиал төрағасыныӊ бірінші орынбасары Кенжехан Матыжановтыӊ қалалық Дін істері жөніндегі басқармаға қызметке ауысуына байланысты, Төрағаныӊ бірінші орынбасары болып, партия қалалық филиалы Саяси кеӊесініӊ мүшесі, қала әкімініӊ бұрынғы орынбасары Зәуреш Аманжолова бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

З.Аманжолованы құттықтай отырып, өз сөзінде Б.Байбек "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалына тұӊғыш рет әйел басшы бекітілгенін және қоғам мен саяси өмірде әйелдердіӊ белсенділігі мен рөлініӊ күн санап артып келе жатқанын атап өтті. Мысалы "Нұр Отан" партиясы құрамында 60 пайызға жуық нәзік жандылар қызмет етсе, Алматы қалалық филиалында бұл көрсеткіш 44 мыӊға жетіп отыр. Мегаполис басшысы Бюро мүшелері шешім қабылдарда "Нұр Отан" партиясыныӊ саяси Доктринасында айқын көрсетілген азаматтардыӊ өзін-өзі танытуына мүмкіндік беретін бірлік, әділеттілік, теӊдік сияқты негізгі құндылықтарды басты назарға алғанына тоқталды.

Осы күні Б.Байбек "Нұр Отан" партиясы Алмалы аудандық филиалыныӊ жаӊа ғимаратыныӊ ашылуына қатысып, бастауыш партия ұйымдарыныӊ жетекшілерімен кездесу өткізді.

Өз сөзінде АҚФ төрағасы: "Биылғы жыл "Бастауыш партия ұйымдары жылы" ретінде аталып өтуде. Бүгінде қаламызда 65 мыӊнан аса мүшесі бар 654 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды, соныӊ 145-сі осы Алмалы ауданында. Олар - қоғамныӊ нағыз бастаушысы, жақсы істердіӊ ұйытқысы ретінде барша көпшілікке үлгі көрсетіп келеді. Бүгін біз осында бірқатар ірі бастауыш партия ұйымдарыныӊ басшыларын шақырып отырмыз. Ондағы мақсатымыз - бастауыш ұйымдар арқылы елдіӊ тұрмыс-тіршілігімен жақын танысып, партия шешімдерініӊ қалай жүзеге асып жатқанынан хабардар болу. Бүгінгі ғимарат осындай игі мақсатпен халық үшін пайдалануға беріліп отыр. Аудандық филиалдар халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты жүйелі жұмыс істеуді қамтамасыз етуі тиіс. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев "Нұр Отан" партиясыныӊ ел өміріндегі орнын ұдайы жоғары бағалап, үлкен жауапкершілік арқалайтынын күн тәртібінен түсірген емес. Сондықтан, бастауыш ұйымдар партиямыздыӊ ел өміріндегі негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды. Бұл бағытта партия белсенділері ашықтық принципімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрқашан алғы шепте жүріп, мемлекеттік орандардыӊ халық алдындағы есептілігін қадағалап отыруы қажет" деп атап көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны