14.08.2019, 14:38 8488

Өзбекстан Республикасында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді

Осылайша, 13-19 тамыз күндері Сыр өнері көрші мемлекет халқына ұсынылып, мәдениетіміздің мәртебесі танылмақ.

Қызылорда.14 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылордалық өнерпаздар мен сала мамандары Өзбекстанға жол тартты.

Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамыту, Сыр сүлейлерінің шығармашылығын насихаттау мақсатында Өзбекстан Республикасында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді.

Өнер күндері аясында Ташкент Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Р.Отарбаевтың "Нарком Жүргенов" спектаклі мен жергілікті суретшілердің көрмесін, Науаи қаласында Қызылорда облысы өнер шеберлерінің концертін, сонымен қатар, Тамды, Үшқұдық, Кенимех аудандарында облыстық филармонияның дәстүрлі орындаушыларының экспедициялық концертін өткізу жоспарлануда.

Осылайша, 13-19 тамыз күндері Сыр өнері көрші мемлекет халқына ұсынылып, мәдениетіміздің мәртебесі танылмақ.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны