17.01.2012, 10:55 3338

Зейнетақы шотыңыздағы қаражат туралы ақпаратты ХҚКО алуға болады

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы ұсынып келген "Салымшы қаржысының түсуі және қозғалысы туралы" қызмет ілкі жоба аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін болады.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Зейнетақы шотыңыздағы қаражат туралы ақпаратты ХҚКО алуға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы ұсынып келген "Салымшы қаржысының түсуі және қозғалысы туралы" қызмет ілкі жоба аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін болады.

Бұған қоса, аталған анықтама тегін беріледі және ол үшін 305 теңге көлемінде ақша төлеудің қажеті жоқ.

Аталған жаңалықты енгізу Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Байланыс және ақпарат министрлігінің басшылары ортақ бұйрыққа қол қойғаннан кейін мүмкін болды. Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмысын жетілдіру мақсатында іске асырылып отыр.

Аталған қызметті, сондай-ақ бірнеше минуттың ішінде "электрондық үкімет" http://3cm.kz/dad6 порталынан да алуға болады. Электрондық сұранымға өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын қойса жеткілікті, қолданушы өзінің зейнетақы шотынан аударған қаржысының түсуі мен қозғалысы туралы анықтама алады. Ол азаматтың Жеке кабинетінде "Көрсетілген қызметтер тарихы" бөлімінде сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны