30.10.2018, 14:16 5926

Зейнеткерлер еgov.kz сайтынан мемлекеттік кепілдік төлемі үшін ХҚКО-на жүгіну қажеттілігін тексере алады

Егер азамат бұдан бұрын осы төлемді алуға жүгінбеген болса немесе осы төлемді алуға құқығы болмаса, ол туралы ақпаратты осы электрондық сервистен алуға болады.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік коғамымен және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп "Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқық туралы ақпарат" электрондық сервисін іске қосты.

Биылғы жылдыӊ 1-қарашасында электрондық сервиске "Электрондық үкімет" порталына (еgov.kz) кіруге мүмкіндік болады.

Зейнеткерлік жасқа жеткен қазақстандықтар инфляция деӊгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарыныӊ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарыныӊ сомасы мен зейнетақы жинақтарыныӊ сомасы арасындағы айырма төлеміне (мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемі) құқықтық туралы ақпарат ала алады.

Азаматтарда мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқығы болған жағдайда олар үшін жақын орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына (тұрғылықты жері бойынша) барып, өтініш беру қажеттігі туралы ақпарат шығарылады.

Егер азамат бұдан бұрын осы төлемді алуға жүгінбеген болса немесе осы төлемді алуға құқығы болмаса, ол туралы ақпаратты осы электрондық сервистен алуға болады.

Тек зейнеткерлікке шыққандарға мемлекеттік кепілдік автоматты түрде, азаматтардыӊ өтінішінсіз, белсенді форматта қаралады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны