30.10.2015, 15:06 4590

Зергерлік заттар мен қаржы-қаражат

Өткен тәулік ішінде "Қорғас" бақылау-өткізу бекетіндегі қазақстандық шекарашылар (қазақ-қытай шекарасы) зергерлік заттар мен қаржы-қаражатты өткізуге тырысқан қытай және қазақстандық азаматтарды ұстады

Астана. 30 Қазан. Kazakhstan Today - Өткен тәулік ішінде "Қорғас" бақылау-өткізу бекетіндегі қазақстандық шекарашылар (қазақ-қытай шекарасы) зергерлік заттар мен қаржы-қаражатты өткізуге тырысқан қытай және қазақстандық азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

29-қазан күні 10сағат 39минутта жоғарыда аталған бекеттіӊ шекарашылары Қазақстаннан Қытай еліне қарай жаяу-жалпылап кетіп бара жатқан қытайлық азаматты ұстауға мәжбүр болды.

Оныӊ заттарын шекаралық бақылау кезінде жасырып өткізуге тырысқан 15 дана зергерлік заттар (жүзіктер, сырғалар) шыға келді.

Осы күні 17 сағат 13 минутта Қазақстаннан Қытайға кетіп бара жатқан 1977 жылы туылған Жанат есімді азамат ұсталды. Ол да 24 740 долларын ешкімге көрсетпей шекарадан алып өтуге тырысты.

Аталған деректер бойынша материалдар жергілікті "Алтынкөл" кеден бекетініӊ қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны