15.08.2008, 16:59 3110

Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша Семейде бау-бақшаны жарамсыз қылған белгісіз зат адамдар үшін қауіпсіз екені анықталды

Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша Семейде бау-бақшаны жарамсыз қылған белгісіз зат адамдар үшін қауіпсіз екені анықталды

Семей. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша Семейде бау-бақшаны жарамсыз қылған белгісіз зат адамдар үшін қауіпсіз екені анықталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Марат Дүкенов хабарлады.

Оның ақпаратына сүйенсек, оқиға орнынан алынған топырақ пен өсімдіктің сараптама нәтижелерін СЭС басшылығы тек бүгін ғана жолдаған. "Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша алынған үлгілерде хлорорганикалық заттар жоқ екені, ал нитраттар көлемі нормативтік көрсеткіштерден артылмайтынын анықталды. СЭС қызметкерлерінің пайымдауынша, жемістер мен көкөністер тамақ ретінде пайдалануға қауіпсіз болып табылады", - деп түсіндірді М. Дүкенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны