30.06.2011, 10:02 7889

Зерттеушілер үшін зертханалардың есігі ашық - Баспасөз баяны

Елбасы Қазақстан халқына жолдаған "Болашақты бірге қалаймыз" жолдауында білім саласын ғылым және инновациялық үрдістермен интеграциялануы тапсырмасын қойды. Бұл тапсырманы жүзеге асыруда мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған ұлттық және инженерлік зертханалар маңызды орынға ие болуы тиіс.

Астана қаласында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалық етуімен ғылыми зерттеу зертханаларының қызметі мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті.

Елбасы Қазақстан халқына жолдаған "Болашақты бірге қалаймыз" жолдауында білім саласын ғылым және инновациялық үрдістермен интеграциялануы тапсырмасын қойды. Бұл тапсырманы жүзеге асыруда мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған ұлттық және инженерлік зертханалар маңызды орынға ие болуы тиіс.

"Ғылым" туралы жаңа заңның қабылдануымен бірге зертханаға жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Олардың бастысы - ғылыми дәрежесі толық қалыптасқан ғалымдармен қатар магистранттар мен докторанттарға зертханалық зерттеулер мен зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін зертхананың ашық болуы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны