07.07.2015, 14:32 3653

Ж.Ертаевқа ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдік тағылуда - Бас прокуратура

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныӊ өндірісінде "Альянс банк" АҚ лауазымды тұлғасына қатысты ҚР ҚК 189-бабыныӊ 3-бөлімі 1-тармағында көзделген қылмыс құрамыныӊ белгілері бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралуда

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныӊ өндірісінде "Альянс банк" АҚ лауазымды тұлғасына қатысты ҚР ҚК 189-бабыныӊ 3-бөлімі 1-тармағында көзделген қылмыс құрамыныӊ белгілері бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметінде хабарланғандай, Жомарт Ертаевқа Қылмыстық кодекстіӊ 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (Қызметтік жағдайын пайдаланып, тұлғалар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену және ысырап ету арқылы қымқыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік тағылуда, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

2015 жылғы 22 маусымда Ж. Ертаевқа ҚР ҚК 189-бабы 1-бөлімі 1-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдік тағылған.

Сот алды тергеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны