12.03.2020, 23:58 3294

"Жұмыс топтарында мақұлданған әліпби жобасын жетілдіру" бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтеді

Бұған дейін Ұлттық комиссия жанындағы төрт жұмыс тобы ғалымдары бекітілген әліпбиге жетілдіру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар таңбаларға өзгерістер енгізген болатын, нәтижесінде 31 таңбадан тұратын (құрамында 3 умлаут, макрон, бревис, седиль диакритикалық таңбалар бар) жоба мақұлданған.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - "Жұмыс топтарында мақұлданған әліпби жобасын жетілдіру" бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге байланысты тапсырмасына сәйкес, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың әліпбиді жетілдіру жұмыстарын қорытындылау жөніндегі ұсыныстарына орай 2020 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтеді.

Шараның мақсаты. Кеңесте әліпби құрамына с, w, х таңбаларын енгізу, ц, ч дыбыстарына таңба арнау, и, і және ж, ң дыбыстарының таңбасын қайтадан қарастыру мәселелері талқыланады және таңбаларға байланысты жүргізілген республикалық ашық талқылау мен сынама-сауалнама қорытындылары баяндалады.

Бұған дейін Ұлттық комиссия жанындағы төрт жұмыс тобы ғалымдары бекітілген әліпбиге жетілдіру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар таңбаларға өзгерістер енгізген болатын, нәтижесінде 31 таңбадан тұратын (құрамында 3 умлаут, макрон, бревис, седиль диакритикалық таңбалар бар) жоба мақұлданған.

Күтілетін нәтиже. Талқылау нәтижесінде қабылданған ғалымдар шешімі хаттамалық негізде Ұлттық комиссияға ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны