08.12.2016, 13:08 3837

Ж.Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін аралады

Атап айтқанда, университеттіӊ құрылыс материалдары, өсімдік шаруашылығы, тігін цехы, мұнай-газ салаларына қатысты бірқатар орталықтарын көріп, студенттермен және оқытушылармен тілдесті.

Шымкент. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Университеттер облыс экономикасыныӊ дамуына өз үлесін қосуы керек. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев М.Иуезов атындағы Оӊтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін аралап, танысу барысында айтты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жоғары оқу орныныӊ тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы жас ғалымдардыӊ ғылыми жұмыстарына қанық болған әкім ондағы білім беру-ақпараттық және электронды ресурстық орталығы мен түрлі зертханалық бөлімдерді аралады. Атап айтқанда, университеттіӊ құрылыс материалдары, өсімдік шаруашылығы, тігін цехы, мұнай-газ салаларына қатысты бірқатар орталықтарын көріп, студенттермен және оқытушылармен тілдесті.

Ғалымдар тобымен болған өӊір басшысы жоғары оқу орныныӊ ректоры Ж.Мырхалықовқа жүйелі жұмыс жүргізуде бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, әкім М.Иуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары облыстағы өндіріс орындарында жаӊа инновациялық технологияларды ендіру бағытында жұмыс істеп, жергілікті тауарларды шығару арқылы өӊір экономикасын дамыту керектігін айтты. Сондай-ақ, Оӊтүстік Қазақстанда шығатын табиғи құрылыс материалдарыныӊ каталогын жасап, оларды жергілікті құрылыста кеӊінен пайдалану мәселесіне атсалысу мен жарық диодтардыӊ түрлерін шығаруды ойластыру жайын нұсқады. Болашақта Шымкент қаласында ұйымдастырылатын ашық мұражай байқауына аталған оқу орныныӊ ұжымы мен студенттерін белсенді қатысуға шақырған облыс әкімі бірлескен жұмыстар арқылы өӊірімізді көркейту керектігіне тоқталды.

Сонымен бірге, оқу орнын аралау кезінде аймақ басшысы Ж.Түймебаев университеттіӊ "Жеӊіл тамақ өнеркәсібі", "Педагогика және өнер" факультеттерінде білім алып жүрген болашақ тігіншілермен, дизайнерлермен тілдесіп, ұлттық нақыштағы киімдердіӊ тек мерекелік кештерге арналғанын ғана емес, күнделікті тұрмыста киюге болатын түрлерін тігуді ұсынды. Қазақ ұлттық киімдерініӊ маусымдық түрлеріне де назар аудару қажеттігіне тоқталған аймақ басшысы киім-кешектерді өткізу мен тапсырыс беру мәселесінде әкімдік тарапынан барынша қолдаулардыӊ болатынын жеткізді.

М.Иуезов атындағы ОҚМУ 65 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудіӊ екі үлкен мектебінен құралады. Мұнда 81 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы оқу түрлерінде 20 мыӊға жуық студент оқиды. Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысуда. Олардыӊ ішінде 2 Ұлттық ғылым академиясыныӊ академигі, 117 ғылым докторлары мен профессорлар, 500-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны