23.02.2015, 15:45 3837

Жағалаудағы заӊсыз істер

Өткен демалыс күндері теӊіз шекарашылары шекара режимін бұзғандарды, сонымен қатар 2,5 центнер балықты аулаған азаматты ұстады

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Өткен демалыс күндері теӊіз шекарашылары шекара режимін бұзғандарды, сонымен қатар 2,5 центнер балықты аулаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ шекарашылары теӊіз бетінде тиісті құжаттарсыз жүрген, оныӊ ішінде жеке бастарын растайтын куәліксіз жүрген 5 азаматты ұстады. Олардыӊ барлығы Қазақстан азаматтары болып шықты.

Ұсталған азаматтар ҚР Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 512 бабыныӊ 1 тармағы бойынша жауапқа тартылды.

Жоғарыда аталған өӊірлік басқармаға қарасты "Құрманғазы авто" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары "Лада" автомобиліне 2,5 центнер бекіре тұқымдас балықты тиеп, Ресейге өткізбек болған 35 жастағы ресейлік азаматтыӊ жолын кесті.

Аталған дерек бойынша Атырау облысыныӊ Құрманғазы аудандық құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны