17.07.2008, 11:26 1494

Жаһандану мен халықаралық сауда адамзатқа гүлдену мен тұрақтылық әкеледі - ДСҰ

Жаһандану мен халықаралық сауда адамзатқа гүлдену мен тұрақтылық әкеледі - ДСҰ

Алматы. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік сауда ұйымы 2008 жылғы әлемдік сауда-саттыққа арналған өз баяндамасында жаһандану мен халықаралық сауда жүздеген миллион адамның қаржылық ахуалының жақсаруына септігін тигізіп, халықаралық қарым-қатынасқа тұрақтылық әкеледі деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Халықаралық сауданың арқасында және маманданудың арқасында тұтынушылар кең көлемді таңдауға мүмкіндік алып, өндіріс тиімділігі артты, делінген баяндамада.

Сонымен бірге, баяндама авторлары әлемдік сауданың пайдасы халықтың түрлі топтары арасында теңдей бөлінбей отырғанын мойындайды. Саудадағы кедергілер мен инфрақұрылымның ахуалы теңсіздікті азайтуды қиындата түсуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны