13.09.2012, 11:08 3104

Жақын арада Қазпоштаның ауылдық жерлердегі бөлімшелерінен әуе- және теміржол билеттерін сатып алуға болады

"Қазпошта өзінің селолық бөлімшелерінде әуе және теміржол билеттерін сату жөніндегі жаңа сервисті дамытып отыр. Онда арнайы терминалдармен жарақтандырылған толыққанды кассалар орнатылмақ, олардың көмегі арқылы операторлар ақша қабылдап, бланкке ресімделген электронды жол жүру билеттерін береді және билеттерге бронь жасайды", деп атап өтілген Қазақстан пошталық операторының хабарламасында.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Жақын арада Қазпоштаның ауылдық жерлердегі бөлімшелерінен әуе- және теміржол билеттерін сатып алуға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазпошта өзінің селолық бөлімшелерінде әуе және теміржол билеттерін сату жөніндегі жаңа сервисті дамытып отыр. Онда арнайы терминалдармен жарақтандырылған толыққанды кассалар орнатылмақ, олардың көмегі арқылы операторлар ақша қабылдап, бланкке ресімделген электронды жол жүру билеттерін береді және билеттерге бронь жасайды", деп атап өтілген Қазақстан пошталық операторының хабарламасында.

"Қазпошта" АҚ бұл қызметті көрсету арқылы орталықтан алыс орналасқан село тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасамақ, өйткені олар билет алуға ірі пункттерге жету үшін бірнеше шақырым жүруге мәжбүр болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны