15.04.2008, 17:53 3101

Жақын уақытта Лондон - Орал бағытындағы жаңа әуе рейсі ашылады

Жақын уақытта Лондон - Орал бағытындағы жаңа әуе рейсі ашылады

Орал. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін"- Жақын уақытта Лондон - Орал бағытындағы жаңа әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігінің елшісі Пол Браммелл Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған кезде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жақын уақытта "Бритиш-Мидланд" жаңа әуе компаниясы Лондон-Орал бағытымен ұшатын рейсті (аптасына бір рет ұшады) ашатын болады. Бұл Батыс Қазақстан мен Ұлыбританияны біріктіретін тағы да бір жол болмық", - деді ол.

Сонымен қатар, кездесу кезінде елшілік басшысы екі мемлекет үшін Қарашығанақ-Орал газ құбыры құрылысының аса маңызды екенін атап өтті.

"Қарашығанақ пен Оралды байланыстыратын жаңа газ құбырының құрылысын жүргізіп жатырмыз, ол жақын арада ашылады деген сенімдемін. Бұл қала мен тұрғындар үшін үлкен жаңалық болады ", - деп қорытындылады П. Браммелл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны