28.09.2007, 12:07 1862

Жақын уақытта теміржол көлігінде жүк тасымалдау тарифінің өсуі жоспарланып отырған жоқ - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Жақын уақытта теміржол көлігінде жүк тасымалдау тарифінің өсуі жоспарланып отырған жоқ - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі


Астана. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жақын уақытта Қазақстанда теміржол көлігінде жүк тасымалдау тарифінің өсуі жорарланып отырған жоқ. Бұл жөнінде кеше "Бағалар мен тарифтердің көтерілу мәселесі туралы" дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз жақын уақытта тарифті (теміржол көлігімен жүк тасымалдау - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) көтеруді жоспарлап отырғамыз жоқ. Себебі бұл баға құрауға барынша әсер ете алатын Қазақстандағы бірден-бір көлік түрі", - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Ресейге қарағанда Қазақстанда облыс аралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдау тарифтері бидай бойынша екі есе, көмір бойынша - 57%, цемент бойынша - 22 %, металл өткізу бойынша 26 %, темір рудасы бойынша - 55 пайызға кем екендігін жеткізді.

"Егер Украинамен салыстырар болсақ, бидау тасымалдау тарифі 70 пайызға, көмір бойынша 36 пайызға және өзге де тауарлар үшін осындай мөлшерде төмен", - деп сөзін жалғастырды вице-министр. "Халықаралық қатынастар бойынша да біздің жүк тасымалымыз еселеп төмен. Тіпті Өзбекстан мен Түркіменстаннан да төмен", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны