19.01.2010, 16:46 3152

Жақсыбек Күлекеев "Қазақ мұнай және газ институтының" басқарушы директоры болып тағайындалды - телеарна

Жақсыбек Күлекеев "Қазақ мұнай және газ институтының" басқарушы директоры болып тағайындалды - телеарна

Алматы. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев "Қазақ мұнай және газ институтының" басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев Астананың Сарыарқа аудандық сотының 2008 жылдың 13 қарашасындағы үкімімен үш жыл мерзіммен бас бостандығынан айрылып, жалпы тәртіпті колонияда жазасын өтейтін болды.

Жақсыбек Күлекеев үш эпизод бойынша айыпты деп танылды.

Атап айтсақ, ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының 2008 жылы мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларды - жол құрылысына қатысты материалдарды сатып алу және жеткізуде қызмет бабын асыра пайдаланған деп танылды.

Сондай-ақ, айыптау мәліметіне сәйкес, Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысының мекемеге келтірген шығының көлемі 341 млн 702 мың теңгені құрады.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы "өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, ұлттық компанияның мүддесіне қарсы әрекет жасап, "Лексус LX 470" маркалы автокөлігін жоғары бағаға сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алу барысында шығын келтірген, ал көлік іс жүзінде оның отбасының иелігінде болған". Соның салдарынан ұлттық компанияға 4 млн 165 мың теңгенің шығыны келтірілді.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қаржысын заңсыз жеке басының мақсаттарына пайдалану арқылы Күлекеев Астананың "Қараөткел" ықшамауданында орналасқан жеке меншік үйін тәулік бойы күзету ақысын ұлттық компанияның қаржысының есебінен төлеуді ұйғарған. Келтірілген шығын көлемі 1 млн 704 мың 700 теңгені құрады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жақсыбек Күлекеевті қаржы полициясының қызметкерлері 2008 жылдың 1 сәуірінде ұстаған. 4 сәуірде оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-тармағы бойынша (пара алу) 100 мың АҚШ доллары көлемінде аса ірі пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал 13 қарашада "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын Астананың Сарыарқа аудандық соты бір эпизод бойынша ақтады. Ол 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алуға айыпты емес деп танылды.

Кейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев үшін жазаны өтеу режимі жеңілдетілді. Ол Алматы облысындағы түрме-қонысқа ауыстыралды.

2009 жылдың 20 қазанында Алматы қаласының Жетісу аудандық соты ҚТЖ бұрынғы президентін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетсек, "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ-ны бұрын Серік Бүркітбаев басқарған. Ол 2009 жылы 20-шы наурызда Ақмола гарнизонының жабық әскери сотымен, сеніп тапсырылған басқаның мүлкін талан-таражға салу және 2,4 млрд теңге бюджет қаражатын жымқарған деген айыппен 6 жылға сотталып, мүлкі тәркіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны