29.01.2013, 14:30 5113

Жақсылық Досқалиев трансплантация орталығын басқарады

Жеті жылға бас бостандығынан айырылып, содан кейін президент рақымшылық жасаған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Ұлттық ғылыми медициналық орталық жанынан ашылған трансплантация орталығын басқарады.

Астана. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - Жақсылық Досқалиев трансплантация орталығын басқарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеті жылға бас бостандығынан айырылып, содан кейін президент рақымшылық жасаған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Ұлттық ғылыми медициналық орталық жанынан ашылған трансплантация орталығын басқарады.

"Жақсылық Досқалиев қайта тізгінді ұстады. Енді - трансплантация орталығы" деп жазады "Экспресс-К" газеті.

Басылым мәліметіне сәйкес, белгілі қазақстандық хирург Ж.Досқалиев 24 қаңтарда Оңтүстік Кореядан келген әріптестерімен бірге бүйректі трансплантациялау бойынша күрделі ота жасады.

"Қылмыстық қуғындау кезінде инсульт алған дәрігер қазір қалпына келіп, өз науқастарының өміріне араша болуда.

Бұрын хабарланғандай, Ж.Досқалиев 2011 жылы тамыз айында пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сот одан 27 млн 470 мың 854 теңге, 2005 евро және 449 мың 358 АҚШ долларын, сондай-ақ елордадағы Қараөткел ықшам ауданы мен Астанадағы үш пәтерін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы қаулы шығарды.

31 қаңтарда президент жарлығымен Ж.Досқалиевке рақымшылық жасалып, жаза мерзімі екі жылға дейін қысқарды. Алайда, ол мерзімінің жартысынан көбін өтеп болғандықтан, ол шартты түрде босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны