19.06.2017, 11:18 3757

Жалағаштық оқушылардыӊ алғашқы легі "ЭКСПО-2017" көрмесіне аттанды

Айтулы көрмеге Жалағаш ауданынан 500 оқушы жолдама алып, сол оқушылардыӊ 94-і халықаралық көрмеге жол тартты.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалау үшін Астана қаласына Жалағаш ауданындағы мектеп оқушыларыныӊ алғашқы легі аттанды.

Айтулы көрмеге Жалағаш ауданынан 500 оқушы жолдама алып, сол оқушылардыӊ 94-і халықаралық көрмеге жол тартты.

Шара барысында аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов еліміздіӊ бас шаһары Астана қаласына аттанғалы отырған оқушылардыӊ сапарларыныӊ сәтті болуына тілектестігін білдірсе, аудан ардагері С.Қалыбаев оқушыларға батасын берді.

Оқушылар арнайы көліктермен облыс орталығына жол тартып, Қызылорда қаласынан Астана қаласына қарай сапар шекті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны